Қазақстанда инфляция қаңтар-шілдеде 2,8% құрады

Астана. 2 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстанда инфляция 2019 жылдың жеті айында 2,8% құрады, делінген ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінен.
«Азық-түлік өнімдерінің бағасы жеті айда (2018 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың шілдесіне дейін) 6% өскен, азық-түлік емес өнімдер бағасы – 2,4%, ақылы қызмет бағасы 0,7% арзандаған», - делінген статкомитет сайтындағы жедел ақпарда.
Ақпарға сәйкес, маусым айында тауарлар мен қызметтер бағасы 0,2% қымбаттады, азық-түлік тауарлары – 0,1%, азық-түлік емес тауарлар – 0,3%, халыққа арналған ақылы қызмет – 0,1%.
Жыл басынан бері тарының бағасы 43,9%, күріш – 15,7%, ұн – 15,4%, қой еті – 11,1%, мұздатылған балық –9,7%, нан – 9%, көкөністер мен жемістер – 8,9%, жылқы еті –8,8%, макарон өнімдері – 7,9%, сиыр еті – 7,4%, құс еті, шошқа еті – по 6,8%, мәйек ірімшігі – 6,2%, ет өнімдері – 5,7%, тоқаш және ұн өнімдері –5,2%, шұжық өнімдері – 4,4%, шәй – 4,3%, кондитер өнімдері – 3,7% өскен. Темекі өнімдерінің бағасы 10%, салқындатқыш шырындар –8,9%, алкоголь сусындары – 5,6% қымбаттаған.
Қиярдың бағасы 56,2%, қызанақ – 28,7%, қырыққабат – 14,5%, жұмыртқа – 12,1%, шикі сүт – 4,6%, ұнтақ шекер – 2,7%, ірімшік – 2,4%, қарақұмық жармасы – на 2% арзандады.

adimage