Астана. 13 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанда инвестициялық омбудсмен қызметі туралы ереже бекітілді. ҚР үкіметінің 30 қазандағы тиісті қаулысы мемБАҚ-тарға жарияланды.
««Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңы 12-1-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының үкіметі қаулы етеді», - делінген құжат мәтінінде.
Ережеге сәйкес инвестициялық омбудсмен Қазақстан Республикасының үкіметі тағайындайтын, инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға жәрдемдесу жөніндегі функциялар жүктелетін лауазымды адам болып табылады.
Сөйтіп, инвестициялық омбудсменнің негізгі функциялары Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын мәселелер бойынша инвесторлардың өтініштерін қарау және оның ішінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, оларды шешу үшін ұсынымдар шығару болып табылады. Одан бөлек, инвестициялық омбудсмен туындайтын мәселелерді соттан тыс және сотқа дейінгі тәртіппен шешуде инвесторларға жәрдемдеседі. Сондай-ақ ол ҚР заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсынымдарды тұжырымдау және Қазақстан Республикасының үкіметіне енгізумен айналысады.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қатысты сілтемелер
-
Токаев ЕҚЫҰ Парламент Ассамблеясының президентін қабылдады6 Маусым 2023, 17:11
-
Алматы мен Ашхабад арасындағы әуе қатынасы қалпына келтірілді6 Маусым 2023, 17:06
-
Жыл басынан бері 8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас статусын алды6 Маусым 2023, 17:01
-
Қазақстанда бір аптада 15 адам суға кеткен6 Маусым 2023, 16:56