Астана. 8 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстанда өңірлердегі полиция департаменттерінің басшылары тағайындалды, деп хабарлады ішкі істер министрлігінің ресми интернет –ресурсынан.
«9 полиция департаментінде бастықтың жаңа орынбасарлары тағайындалды. Абай, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Қостанай, Түркістан және Ұлытау облыстарының, сондай-ақ Алматы қаласының Полиция департаменттерінде және Орал қаласының Полиция басқармасында бастықтардың жаңа орынбасарлары мен бөлімше бастығы тағайындалды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Тағайындау алдында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов әрбір кандидатпен жеке әңгімелесу өткізді.
«Ведомство басшысы қызметкерлермен кездесуде жаңа лауазымдағы міндеттерді белгілеп, Мемлекет басшысы Жаңа Қазақстанды қалыптастыру бойынша қойған ІІМ-нің нақты талаптарын еске салды. Министр Ішкі істер органдарын дамытудың жаңа стратегиясы аясында бірінші кезекте кадр саласына басымдық берілетінін атап өтті», - деп атап өтті ІІМ.
Марат Ахметжановтың айтуынша, қызмет өткеру кезінде кәсіби әлеуетті тиімді пайдалану, кәсіби даму үшін басшы лауазымдарға тағайындау кезінде “орталық-өңір” және “өңір-өңір” қағидаты бойынша қызметкерлерді ротациялауды қолдану туралы шешім қабылданды.
«Қызметкерлерді ауыстыру құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігіне оң әсер етіп, проблемаларды шешуді басқа қырынан қайта қарауға ықпал жасайды. Қызметкерлермен жұмыс істеудің бұл әдісі өнімділікті арттыруға көмектеседі. Жаңа кәсіби міндеттер тәжірибені жақсартуға және жасырын әлеуетті ашуға септігін тигізеді», - деді Ахметжанов.
Сонымен қатар, ІІМ мәлімдегендей, гендерлік теңдік, әйелдердің қызметтік өкілеттіктерін кеңейту мақсатында ішкі істер органдарындағы басшы лауазымдарға тәжірибелі кәсіпқой әйелдер тағайындалатын болады.
Кездесу соңында ІІМ басшысы полицейлерге жаңа қызметте табыстар тіледі.
Сол күні министрдің бұйрығымен тағайындалды:
– Абай облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Берік Амангелді (Атырау облысы ПД-да қызмет атқарған);
– Абай облысы ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков (Шығыс Қазақстан облысы ПД-дан келген);
– Абай облысы ПД бастығының орынбасары Елдос Закимов (Шығыс Қазақстан облысы ПД-дан келген);
– Алматы қаласы ПД бастығының орынбасары Дидар Аханов (бұған дейін осы бөліністің аудандық Полиция басқармасы бастығының міндетін атқарған)
– Атырау облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Әбдіғани Сейдуалиев (Түркістан облысы ПД-дан келген);
– Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Нұрғали Қасенов (ІІМ-нің орталық аппаратынан);
– Жетісу облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасұлан Байкенов (ІІМ-нің орталық аппаратынан);
– Батыс Қазақстан облысы ПД Орал қаласы Полиция басқармасының бастығы Сағындық Аяғанов (Алматы қаласы ПД-да қызмет арқарған);
– Қостанай облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Алексей Милюк (ІІМ-нің орталық аппаратынан);
– Түркістан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Бағланбек Айтпаев (ІІМ-нің орталық аппаратынан);
– Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Меруерт Әбдіқадырқызы;
– Ұлытау облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Мұрат Алтаев (Шымкент қаласы ПД-да қызмет еткен).
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34