Астана. 12 ақпан. ҚазТАГ – 2019 жылдың қаңтарында Қазақстанда экономика өсімі 2,9% құрады, деді ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.
«Өсім тұтынушы нарығындағы, сондай-ақ өнеркәсіптің кен өндіру саласындағы сұраныстың сақталуымен қамтамасыз етілді. Бұл ретте экономика өсімі қарқынының бәсеңдеуі (2018 жылдың қаңтарымен салыстырғанда – ҚазТАГ!) қайта өңдеу өнеркәсібі мен құрылыстың төмендеуімен, сондай-ақ инвестициялық белсенділікке де байланысты», - деді Т. Сүлейменов сейсенбідегі үкімет отырысында.
Еске салсақ, 2018 жылдың қаңтарында Қазақстанда ІЖӨ өсімі 4% құрады.
Қазақстанда ІЖӨ өсімі 2019 жылдың қаңтарында 2,9% құрады
