Қазақстанда ІЖӨ өсімі қаңтар-мамырда 4% құрады – Даленов

Алматы. 11 маусым. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Ағымдағы жылдың бес айының қорытындысы бойынша Қазақстанда ІЖӨ өсімі 4% құрады, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Даленов.
«Жалпы ағымдағы жылдың бес айының қорытындысы бойынша ІЖӨ оң динамикасы сақталып қалды. ІЖӨ өсімі 4%, инфляция деңгейі 5,5%. Бұл инфляция делізінің шегі. Инвестиия днамикасы ІЖӨ өсімінің қарқынынан жоғары. Өсім 7,8-ға жеделдеді», - деді Даленов сейсенбідегі үкімет отырысында.
Бұл ретте ол атап өткендей, инвестиция өсімі ауыл шаруашылық және құрылыс салаларында байқалған.
Сондай-ақ, Даленов алдыңғы аймен салыстырғанда халықаралық резервтердің 0,4% өскенін атап өтті, олардың көлемі $86,7 млрд. құраған.

adimage