Қазақстанда көмір тасымалдаушылардың бір рейстен түсіретін пайдасын Т150 мың деп бағалады

Күні: 17:49, 31-10-2019.

Астана. 31 қазан. ҚазТАГ – Махамбет Абжан. Қазақстанда көмір тасымалдаушылардың бір рейстен түсіретін пайдасын Т150 мың деп бағалады, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің индустриялық даму және өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің төрағасы Қанат Баитов.
«Рейстен Т150 мың табады (тасмалдаушы – ҚазТАГ), ол айына, егер жақсы жұмыс жасаса, камазды жақсы айдаса, тез-тез үш рейс жасауы мүмкін. Сонда ол айына Т450 мың таба ма? Солай ма? Бұл үлкен еңбек – отбасын көрмейді, сол жақта жүреді. Мен камаз айдайтындарды қорғағандықтан емес, жәй сіздер түсінсін деп жатырмын», - деді Баитов бейсенбі күні үкімет кулуарында.
Шенеунік камаз айдайтындармен галстуксіз кездесіп, олардың проблемасымен танысып отыратынын да айта кетті.
«Соляркаға Нұр-Сұлтаннан Шұбаркөлге дейін ғана Т100 кетеді. Тамақ ішу керек, шәйің бар. Термоспен жүресіз бе? Темекісі бар. Құдай сақтасын доңғалағы жарылып қалса ше? Доңғалағы да кем дегенде Т100 тұрады», - деді ол.
Баитовтың айтуынша, сол тасымалдаушылардың арасында бағаны көтеру жоқ.


Жаңалықтармен бөлісу: