Қазақстанда көпбалалы отбасыларға мәртебесін растайтын куәліктер беріле бастады

Күні: 19:43, 06-05-2019.

Астана. 6 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстанда көпбалалы отбасыларға мәртебесін растайтын куәліктер беріле бастады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Көпбалалы отбасыларға төрт және одан да көп баласы бар отбасылар жатады. Куәлік беруге келсек – бұл жұмыс жүргізіліп жатыр, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ондай отбасыларға куәлік береді. Сондықтан барлығыңызға қалаларда орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығына баруыңыз керек», - деп мәлім етті еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев.
2 мамырда ҚазТАГ ХАА хабарлағандай, Қазақстанда көпбалалы аналарға арнайы куәлік беру жоспарлануда. Сол кезде атап өтілгендей, көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және беру қағидасына енгізілетін тиісті түзетулер 16 мамырға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.
Еске салсақ, көп балалы аналар Астанада 4 ақпанға қараған түні Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесі бойындағы жеке тұрғын үйдің ауласында бөлек орналасқан уақытша жайдан өрт шыққаннан кейін жәрдемақы көлемін өсіруді талап етуде. Өртті сөндіру барысында бес баланың мәйіті табылған: 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туылған. Құтқарушылар нақтылағандай, ата-аналар ол кезде жұмыста болған. Көптеген қазақстандықтың пікірінше, егер елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай түнгі ауысымдағы жұмысқа бару үшін балаларын қараусыз қалдыруға тура келмейтіндей жағдай жасаса ғана қайғылы жағдайдың алдын алуға болар еді.
Қазақстанның бірқатар өңірлерінде азаматтардың жұмысқа орналастыру және жалақыларын көтеру туралы жаппай талап қоюы, сондай-ақ ірі қалалардағы, соның ішінде Астана мен Алматыдағы көп балалы аналардың митинг өткізуі халықтың көңілі толмаушылықтың нәтижесі болып отыр.
Осы жағдайларға байланысты Назарбаев экс-премъер Бақытжан Сағынтаев бастаған үкіметті отставкаға жіберді. Жаңа үкіметті бұрынғы бірінші вице-премьер Мамин басқарды.


Жаңалықтармен бөлісу: