Қазақстанда көпбалалы отбасыларының көбі «балалар» ақысын оның келешектегі оқуына қалдырғанды жөн санайды – Дүйсенова

Астана. 7 қараша. ҚазТАГ – Оксана Скибан. Қазақстанда «балалар» ақысын оның келешектегі оқуына қалдырғанды жөн санайтын көпбалалы отбасылар саны артып келеді, деп мәлім етті денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.  
«Статистиканы келтірсем, әрине, ауылды жерлерде көпбалалы аналар көп, дегенмен, бүгіндері қалалардағы 18% әйелдердің де төртінші балалары бар. Олардың ішінде жарты жылдық қорытынды бойынша, 10% -ы (үш баладан көп балалары бар отбасыларының – ҚазТАГ) осы қаражаттарды білім алу жинақ шоттарына аударып отыратындығы анықталды. Яғни, ол үдеріс жүріп жатыр», - деді Т. Дүйсенова жұма күні ҚазТАГ тілшісіне еңбек, көші-қон, ТМД-ға мүше-мемлекеттердегі халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі консультативтік кеңес отырысының дәлізінде.
Бұл ретте ол қазақстандық аналар «балалар» қаражатын неге жарататындығын өздері анықтайтынын атап кетті.  
«Біз «аналық капитал» туралы Ресей министрімен сөйлестік. (...) Олар «аналық капиталды» енгізген кезде біз қатарлас келе жаттық. Қазір біз таңдау жасауды әйелдің өзіне қалдырдық. Бұл соманы жылдық етіп алып, шотқа аударуға болады. Айталық, қазір білім алуға жинақ шоттарын ашты, немесе ол ақшаларды Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жинақ шотына баспана алуға аударуға болады. Немесе, егер ондай мүмкіндік болмаса, онда ай сайын жаратуға болады», - деп түсіндірді Т. Дүйсенова.
Бұл ретте ол Қазақстанда да «аналық капиталды» енгізу мәселесін жұртшылық талқылағанын еске салды.
«Біз, өз жұмысында әйелдер мәселесіне қатысы бар қоғамдық ұйымдарды шақырып алып, былай дедік: біз бірінші-үшінші балаға бір реттік жәрдемақы береміз, одан кейін ай сайын береміз, егер сіз жұмыс істеген болсаңыз, жалақыңыздың 40%-ын және кірісіңіз қандай болмасын, ай сайын республикалық бюджеттен қандай да жәрдемақы алып отырасыздар. Осылардың бәрін жинасаңыздар – осы «аналық капитал» болады, қалай деп шешеміз?», - деді Т. Дүйсенова.
«Біз осыны 18 жасқа дейін жинап және сіздерге (аналарға – ҚазТАГ) бере аламыз, бірақ шарт бойынша, сіздер ол ақшаны оған дейін алмайсыздар, ол қаражат жатады, немесе сіздер оны ай сайын алып отырасыздар.  Сол кезде қоғамдық ұйымдардың басым көпшілігі Қазақстандағы көпбалалы отбасылардың басым көпшілігі негізінен ауылды жерлерде тұратындығын және олар балаларына лайықты тамақ беріп отыру үшін осы қаражатты айы сайын алып тұру керектігін алға тартты», - деді министр.  

adimage