Қазақстанда кәсіпорындардағы өлім жағдайларына байланысты көш бастап тұрған өңірлер аталды

Астана. 3 қазан. ҚазТАГ - Махамбет Абжан. ҚР Кәсіподақ федерациясының төрағасы Ералы Тоғжанов Қазақстанда кәсіпорындардағы өлім жағдайларына байланысты көш бастап тұрған өңірлерді атады.
«2019 жылдың І жартыжылдығында 2018 жылмен салыстырғанда зардап шегушілер саны 8,3% ( 701-ден 643-ке) қысқарған, оның ішінде адам өлімі – 23,5% ( 85-тен 65-ке) қысқарған. Кәсіподақ федерациясы адам өліміне алып келген қайғылы жағдайларға талдау жасады. 2018 жылы 191 кәсіпорында 221 адам қаза тапқан. Адам өліміне алып келген қайғылы жағдайлардың ең көбі Қарағанды, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында орын алған», - деп мәлім етті бейсенбі күні Тоғжанов елордада бастапқы кәсіподақ ұйымдарының «Қауіпсіз кәсіпорын – дені сау жұмысшы» тақырыбындағы форумда.
Ол атап өткендей, жұмысшылар негізінен биіктіктен құлау, көлікпен байланысты жағдайлардан, құрал-жабдықтың ақауынан, газбен уланудан, жарлардың құлауы және опырылуынан, электр тоғының соғуынан қаза тапқан.

adimage