Қазақстанда күтіліп отырған өмір ұзақтығы 2025 жылға қарай 75 жасқа өседі – ҰЭМ

Астана. 9 желтоқсан. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Қазақстанда күтіліп отырған өмір ұзақтығы 2025 жылға қарай 75 жасқа өседі, деп мәлімдеді ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.
«Мембағдарламаларды жүзеге асыру 2025 жылға қарай экономика өсімін, тұрғындардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Күтіліп отырған нәтиже мен мақсат келесідей: күтіліп отырған өмір жасының ұзақтығы 75 жасқа дейін, оқуды бітіргесін бірінші жылы жұмысқа орналасқан ЖОО түлектерінің үлесі – 75% дейін, қалалану деңгейі – 62% дейін, инфрақұрылымды жетілдіру 3477 ауыл», - деді Дәленов дүйсенбіде Нұр-Сұлтандағы «Қазақстан халқына президент Тоқаевтың жолдауы: алғашқы нәтижелері» ғылыми-тәжірибелік конференциясында.
Оның айтуынша, ағымдағы жылдың соңына дейін индустриалды-инновациялық дамудың, БЖК-2025, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», 2025 жылға дейін өңірлерді дамыту, «Денсаулық», білім және ғылымды дамыту бағдарламаларының жаңа мембағдарламасы қабылданады.
Сонымен қатар «38 мың ш. жол салынып, жөндеу жұмыстары жүргізіледі, қайта өңдеу өнеркәсібінде еңбек өнімділігі 1,6 есе артады, экономикадағы ШОБ үлесі – 35%. Жаңадан 103,2 млн ш.м. баспана салынады», - деді Дәленов.
Ал, еңбекпен қамту орталықтарына жүгінгендердің, министр болжамынша, 75%-ы жұмысқа орналасады, ал жұмыссыздық деңгейі 4,8% көлемінде сақталады.
«Негізгі капиталдағы инвестиция деңгейі ІЖӨ 35%-на жеткізіледі», - деді Дәленов.

adimage