Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды

Астана. 6 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды, деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

«ҚР Президентінің 2024 жылғы 1 ақпандағы Жарлығына сәйкес күзгі шақыру қыркүйекте басталып, желтоқсан айының соңына дейін жалғасады», - делінген ведомство хабарында.

Мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға негіздері жоқ 18 жастан 27 жасқа дейінгі азаматтар шақырылады.

Министрлік нақтылағандай, шақыру науқаны барынша ашық форматта өткізіледі. Әр қорғаныс істері жөніндегі департаментінде «жедел желі» мен әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттар іске қосылған.

Күзгі шақыру барысында Қарулы күштердің, Ұлттық ұланның, ҰҚК Шекара қызметінің, ТЖМ және Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшелері жасақталатын болады.

Биылғы жылы сарбаздарға арналған артықшылықтар заң жүзінде бекітілді:

- оларға қызмет ету кезінде және әскерден босатылғаннан кейін екі ай уақытқа несиелік демалыс беріледі.

- Бүгінгі таңда 6 мыңнан астам әскери қызметшінің 1 млрд 828 млн теңге сомасындағы төлемдері кейінге қалдырылды.

- Отан алдындағы борышын өтеген азаматтарға студенттік жатақханадан орын беру жеңілдіктері де қарастырылған.

- Бүгінгі таңда әскерде қызмет еткен мың жарымнан астам азамат жоғары оқу орындарына тегін, ал ақылы түрде 700-ден астамы оқуға түсті.

- Осы жылдың көктемінде запасқа шығарылған 400-ден астам әскери қызметші келісімшарт бойынша әскери қызметке орналасты.

«Президенттің тапсырмасы бойынша Қарулы күштер мемлекеттік үлгідегі куәліктерді бере отырып, әскери қызметшілерді аралас жұмысшы мамандықтарына оқытты. Жыл сайын жұмысшы мамандықтарының саны да артып келеді. 2023 жылы 1200-ге жуық маман оқытылды. Биылғы жылы 1300-ден аса адамды оқыту жоспарланып отыр», - деп хабарлады министрлікте.

adimage