Қазақстанда карантин шаралары жеңілдетілді – кейбір кинотеатрларға жұмысын бастауға рұқсат берілді

Астана. 17 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстанда карантин шаралары жеңілдетілді – кейбір кинотеатрларға жұмысын бастауға рұқсат берілді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы № 48 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 3) ойын-сауық орындарының (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдары мен аттракциондар, батуттар және басқалары), кинотеатрлардың (ашық ауадағы кинотеатрларды қоспағанда), букмекерлік кеңселердің қызметіне тыйым салуды», - делінген Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында.
Сонымен қатар бас сандәрігер талаптар сақталған жағдайда келесі қызметтерге рұқсат етті:
- балалардың түзету кабинеттерінің/орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтарының қызметіне топ 15 адамнан аспай толтырылғанда, алдын ала жазылу бойынша;
- мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық кампаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне рұқсат етуді қамтамасыз етсін. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 50%-ы қашықтықтан жұмыс істеу нысанында қалдырылады (штаттық кестеде 30-дан астам қызметкер болған жағдайда);
- ашық ауада және үй-жайда қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне ұжымдық іс-шараларды өткізбей, залда 50-ден аспайтын отыратын орын орнатылған жағдайда.
«2-тармақтың 35) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 35) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері мынадай: ондағы азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, сауда үйлері, сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысын тоқтата тұру; азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарларының жұмысын тоқтата тұру бойынша шектеу шараларын енгізуді; 2-тармақ мынадай мазмұндағы 43), 44), 45) тармақшалармен толықтырылсын: 43) маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауадағы кинотеатрлардың қызметіне рұқсат беруді; театрлардың қызметіне рұқсат беруді (толтырылуы 50%-дан артық емес, бірақ 50 адамнан артық емес, infokazakhstan.kz порталында тіркеле отырып, маска режимін, әлеуметтік қашықтықты және ҚР БМСД-нің № 43 қаулысының талаптарын сақтай отырып) қамтамасыз етсін; сауда-ойын-сауық орталықтарында орналасқан (жеке үй-жайларда) қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне ұжымдық іс-шараларды өткізбей, 50-ден аспайтын отыратын орын орнатыла отырып, №43 ҚРБМСД қаулысының талаптары сақталған кезде рұқсат етуді (…)», - делінген құжатта.
«Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде (бұдан әрі – ҚАЖ мекемелері) жатқан адамдарға мынадай талаптар сақталған жағдайда белгіленген тәртіппен туыстарымен ұзақ және қысқа мерзімді кездесулер беруге рұқсат етіледі: ұзақ және қысқа мерзімді кездесулерге келген туыстардың алынған сәтінен бастап 5 тәуліктен аспайтын уақыт өткен теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты беруі; ұзақ кездесуге ересек бір адамнан асырмай рұқсат беру; ҚАЖ мекемелеріне ұзақ және қысқа мерзімді кездесуге келген барлық адамдардың дене температурасын өлшеу және сауалнаманы толтыра отырып, сауал алу, кейіннен ұзақ мерзімді кездесудегі адамдарға күнделікті термометрия жүргізу; ұзақ және қысқа мерзімді кездесулер берген кезде ҚАЖ мекемелері қызметкерлерінің, арнайы контингенттің және олардың туыстарының маска режимін сақтауы; ҚАЖ мекемелерінің ұзақ кездесу болатын бөлмелерінде вирустық инфекциялар кезінде өңдеу режимі бойынша рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, кейіннен желдетіп және кварцтап, күніне 2 реттен сиретпей ағымдағы жинауды тұрақты түрде жүргізу; ұзақ уақыт кездесу берілген сотталғандарды 14 күн бойы карантинге жатқызу»,- делінген құжатта.

adimage