Қазақстанда кедейлік шегінің мөлшерін 1 шілдеден бастап өзгерту жоспарлануда

Астана. 21 маусым. ҚазТАГ – Қазақстанда кедейлік шегінің мөлшерін 1 шілдеден бастап өзгерту жоспарлануда, деп хабарлады агенттік тілшісі.
"Кедейлік шегінің мөлшерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 290 бұйрығына келесі толықтырулар енгізілсін: 1 тармақ келесі мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын «3) 2019 жылғы 1 шілдеден бастап - атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін жүгіну тоқсанының алдындағы тоқсанға есептелген ең төменгі күнкөріс деңгейі 70 пайыз мөлшерінде белгіленсін», - делінген еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрық жобасында.
Қазір Қазақстандағы кедейлік шегі келесідей түрде айқындалған: Сейчас черта бедности в Казахстане определена следующим образом: 1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін жүгіну тоқсанының алдындағы тоқсанға есептелген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызы мөлшерінде, егер көрсетілген кезең үшін жергілікті атқарушы органдар есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерінен төмен болған жағдайда, онда кедейлік шегі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан төмен болмайтын мөлшерде айқындалады. 2) 2019 жылғы 1 сәуірден бастап – атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін жүгіну тоқсанының алдындағы тоқсанға есептелген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы мөлшерінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерінен 70 пайыздан төмен болмайтын мөлшерде айқындалады.
"Кедейлік шегінің мөлшерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 290 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасы өңірлік экономикалық ерекшеліктерді ескере отырпы әзірленген, себебі атаулы әлеуметтік көмек «Мемлекеттік атаулы көмек туралы» заңның 4 бабына сәйкес осы мақсатқа бюджетте қарастырылған қаржы шегінде көрсетіледі», - делінген құжаттың анықтама-негіздемесінде.
Бұйрық жобасы 27 маусымға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.

adimage