Қазақстанда кем дегенде 15 кеніш ашылады деп болжануда

Астана. 5 қараша. ҚазТАГ – Оксана Скибан. Қазақстанда кем дегенде 15 кеніш және тау-кен провинциялары ашылады деп болжануда, деп хабарлады ҚР инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев.
«Қазақстанда қатты пайдалы қазбалар саласында тәуелсіздік кезеңінде бері, барлығы, 400 келісім-шарт жасалды, 200-ден сәл асатын компаниялар жұмыс жасауда. McKinsey & Company алдын-ала мәліметтерінше, егер Қазақстанда жаппай геологиялық барлау жүргізілетін болса, әлемдік деңгейдегі кем дегенде 15 кеніш, сондай-ақ жаңа тау-кен провинциялары ашылады», - деді Ә. Исекешев сәрсенбі күні мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымында талқалуында.  
Бұл ретте ол жер қойнауын геологиялық барлауға пайдалану құқығын беру тәртібін жеңілдетіп, жыл сайын жалға алу мөлшерлемесін көтеріп отыруға болатынын айтты. «Мұның мәнісі, аз зерттелген, ауданы 1,8 шаршы км болатын блоктарда жер қойнауын пайдалану құқығын беруде», - деді ол.  
Оның айтуынша, 10 блокты бірден алуға болады, бірақ әр блок бойынша бөлек есеп беріп, қаржыны да бөлек салу керек. Бұл нақты аумақты кешенді зерттеуді ынталандырады.
«Бүгінге барлау жұмыстарына мемлекеттің де жеке компаниялардың да шығыны 1 шаршы километріне 3 доллардан келеді, ал Австралияда – 160, АҚШ-та – 90, Канадада – 200, Ресейде – 25 доллардан келеді», - деді ведомство басшысы.

adimage