Қазақстанда әкімдердің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшілері болады

Күні: 19:15, 27-12-2018.

Астана. 27 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығына толықтыру енгізу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 520-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде: «Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар» деген тарауда: «Б» корпусы» деген бөлімде: «D санаттарының тобы D-2 санатында: «Тексеру комиссиясының мүшесі» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі», - делінген бейсенбіде Ақордада орналастырылған жарлықта.


Жаңалықтармен бөлісу: