Қазақстанда кітаптар 17% жуық қымбаттады- статистика бюросы

    Алматы.21 желтоқсан.ҚазТАГ- 2022 жылғы қарашада Қазақстанда өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда кітаптар 16,5 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.
   Ақпаратқа сүйенсек, кітап бағасы Ақмола облысында ең қатты өскен – 43,4%. Сонымен қатар ең жоғары өсім байқалған өңірлер бестігіне Түркістан облысы (41,4%), Астана қаласы (38,3%), Қостанай облысы (28,9%) және Атырау облысы (24,9%) кірді.
   Айта кетейік, республикада 3 920 кітапхана жұмыс істейді.

adimage