Қазақстанда коронавирус жұқтырған 170-тен астам науқастың жағдайы ауыр

Астана. 7 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстанда коронавирус жұқтырған 170-тен астам науқастың жағдайы ауыр, деп хабарлады елдегі COVID-19 жағдайы бойынша ведомствоаралық комиссиясынан.
«171 адамның жағдайы өте ауыр, 28-нің жағдайы орташа ауыр, 42-сі ӨЖЖ (өкпені жасанды желдету - ҚазТАГ) аппараттарына қосылған», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Барлығы қазіргі сәтте коронавирусты инфекциядан 25 053 адам емделіп жатыр, олрадың 108-і бала.
«Стационарларда 5364 науқас жатыр, амбулаторлық деңгейде – 19 689», - деді ВАК.

adimage