Қазақстанда коронавирус жұқтырған 419 науқастың жағдайы өте ауыр

Астана. 12 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстанда коронавирус жұқтырған 419 науқастың жағдайы өте ауыр, деп хабарлады ҚР-дағы COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссиядан.
«Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 24 865 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 102 өскіншек бала бар. Стационарларда 4 421 науқас жатыр. 20 444 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 419 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 101 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 94 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген 12.08.2020 күнге арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпаратта.
Соңғы ақпар бойынша, Қазақстанда коронавирусты инфекцияны жұқтырған саны 100 855-ке жеткен, 74 677 адам жазылған, 1269 адам көз жұмған.
1 тамыздан бастап Қазақстанда КВИ белгісі бар пневмониямен ауырғандар саны
13 337 жеткен, адам өлімі 173-ке жеткен.

adimage