Қазақстанда коронавирус жұқтырған 420 адамның жағдайы нашар

Астана. 14 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстанда коронавирус жұқтырған 420 адамның жағдайы нашар, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Жалпы науқастардың арасында 420 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 103 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 80 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 21 859 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 104 өскіншек бала бар. Стационарларда 3 738 науқас жатыр. 18 121 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

adimage