Астана. 6 сәуір. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың 16-ның жағдайы ауыр, деп хабарлады ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова.
«16 науқастың жағдайы ауыр деп бағалануда, олар Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының тұрғындары», - деді Есмағамбетова дүйсенбідегі брифингте.
Бұл ретте ол атап өткендей, науқастардың 85%-да ауру жеңіл және белгісіз түрде өтуде, қалған 11,5%-ның жағдайы орташа ауыр.
Сонымен қатар бас сандәрігер Алматы мен Нұр-Сұлтан секілді карантиндік шараларын енгізудің тиімді екенін жеткізді.
«Мәселен Нұр-Сұлтанда аурудың 27 наурыздағы 60 жағдайдан 5 сәуірдегі 0 жағдайға дейін төмендегені байқалады. Алматыда орташа тәуліктік ауру жұқтыру 16-дан 5-ке дейін төмендеді. Бұл ретте Қызылордада, Қарағандыда, Түркістан және Атырау облыстарында ауру деңгейі жоғары болып отыр, сондықтан бұл өңірлерде қосымша шектеу шараларын енгізу керек», - деді Есмағамбетова.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны жүздеген мыңнан асса, қайтыс болғандар ондаған мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
Сондай-ақ, коронавирус Венгриядағы қазақстандықтан да табылды.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін Мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген. 28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда және Шымкентте карантин шаралары күшейтілді.
Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 629 жағдайы тіркеліп, 45-і жазылып, алты адам көз жұмған еді.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34