Астана. 25 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстанда коронавирус жұқтырудың тағы жеті жағдайы тіркелді, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Қазақстанда коронавирус жұқтырудың тағы жеті жағдайы тіркелді. Оның ішінде Алматыда -2, Нұр-Сұлтанда -5. Сонымен бүгінгі таңда Нұр-Сұлтанда коронавирустың 79 жағдайы расталды, оның ішінде Нұр-Сұлтанда -41, Алматыда – 31, Қарағандыда - 2, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында – 1, Шымкентте – 1, Жамбыл облысында – 1, Солтүстік Қазақстан облысында -1 жағдай», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны 422 мыңға жуық, қайтыс болғандар – 28 мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
Сондай-ақ, коронавирус Венгриядағы қазақстандықтан та табылды.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін Мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген.
18 наурызда ҚР денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырғандарды 3,5 аптада емдеп шығуға ниетті екендерін мәлімдеді.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34