Қазақстанда коронавируспен ауырғандар саны күрт өсті

Астана. 30 маусым. ҚазТАГ - Қазақстанда коронавируспен ауырғандар саны күрт өсті, деп хабарлады Қазақстандағы коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
«Өткен тәулікте коронавирусты инфекцияны жұқтырудың 137 жаңа дерегі тіркелді», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Ауруды жұқтыру бойынша бірінші орында Алматы – 77 жағдай, ары қарай Нұр-Сұлтан – 26, және Қарағанды облысы – 9.
Атап өтелік, аурудың күрт өсуі әсіресе соңғы күндері байқалған. Салыстыру үшін, бір апта бұрын тәулігіне 54 жағдай тіркелген.
Қазіргі таңда Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 1 306 608 жағдайы тіркеліп отыр.