Астана. 27 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстанда коронавирустен емделіп шыққандардың саны үшеу болды, деп хабарлады Қазақстандағы COVID-19 жағдайына арналған ресми ресурстан.
«Жазылып шыққандар үшеу: Нұр-Сұлтан – 1; Алматы – 2», - делінген жұмадағы хабарда.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны 534,5 мыңға жуық, қайтыс болғандар – 24,1 мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
Сондай-ақ, коронавирус Венгриядағы қазақстандықтан та табылды.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін Мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген.
Қазіргі таңда Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 126 жағдайы тіркелді. 25 наурызда екі қазақстандықтың коронавирустан жазылып шыққаны хабарланған еді. Ал 26 наурызда Нұр-Сұлтанда бір әйел коронавирус инфекциясы салдарынан көз жұмды.
Қатысты сілтемелер
-
Маңғыстау облысында магистральдық газ құбырында жарылыс болды19 Наурыз 2024, 12:05
-
Сейсенбі күні Қазақстанның басым өңірінде жаңбыр мен қар жауады деп күтілуде19 Наурыз 2024, 08:50
-
Тоқаев Қазақстанның креативті индустрия өкілдерімен кездесті18 Наурыз 2024, 17:47
-
Түркістан облысында 30 жастағы қыз құдықтың құбырына құлап кеткен18 Наурыз 2024, 17:39