Қазақстанда коронавирустен жазылғандар саны 6 мыңға жуықтады

Алматы. 3 маусым. ҚазТАГ - Қазақстанда коронавирустен жазылғандар саны 6 мыңға жуықтады, деп хабарлады ҚР-дағы COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
«Қазақстанда КВИ-ден тағы 55 адам жазылды. (...) Сонымен елімізде барлығы 5996 адам коронавирустен жазылды», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
ВАК ақпарынша, Шымкент (17), Ақтөбе (төрт), Қызылорда (13), Қостанай (сегіз) және Атырау (13) облыстарында барлығы 55 адам жазылған.

adimage