Қазақстанда коронавирустен жазылғандар саны 60-қа жетті

Астана. 9 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстанда коронавирустен жазылғандар саны 60-қа жетті, деп хабарлады ҚР төтенше жағдайлар режимі бойынша мемлекеттік комиссияның жедел штабынан.
«Жамбыл және Павлодар облыстарында тағы екі науқас жазылды. Сонымен бүгінгі таңда 17.55-тегі жағдай бойынша Қазақстанда 60 адам жазылды. Оның ішінде Нұр-Сұлтанда -30, Алматыда -26, СҚО-да бір, Ақтөбе облысында – бір, Жамбыл облысында – бір, Павлодар облысында – бір», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны жүздеген мыңнан асса, қайтыс болғандар ондаған мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген. 28 наурызда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин шаралары күшейтілді. 3 сәуірде мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы жұмыссыз режимді 6 сәуірден 13 сәуірге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұдан басқа карантин режимі Шымкентте 4 сәуір сағат 21.00-ден бастап енгізілді. 6 сәуірде Тоқаев екі отандық ғылыми институттың ұжымын коронавирусты анықтауға арналған өзіміздің диагностикалық тест-жүйемізді ойлап табуларымен құттықтады
Бұған дейін Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 764 жағдайы тіркеліп, 58-і жазылып, жеті адам көз жұмған еді.

adimage