Қазақстанда коронавирустен жазылғандардың жалпы саны 4,5 мыңнан асты

Астана. 25 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстанда коронавирустен жазылғандардың жалпы саны 4,5 мыңнан асты, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Қазақстанда коронавирусты инфекциядан (КВИ) тағы 106 адам жазылды. Атап айтсақ, Нұр-Сұлтанда - 65, Алматыда - 18, Шығыс Қазақстан облысында – үш, Ақмола облысында – үш, Қарағанды облысында – бір, Батыс Қазақстан облысында – тоғыз, Түркістан облысында – төрт, Қостанай облысында – бір, Жамбыл облысында – екі. Сонымен барлығы 4506 адам жазылып отыр», - делінген дүйсенбіде таратылған ресми ақпарда.
Соңғы ақпар бойынша, Қазақстанда COVID-19 дертін 8531 адам жұқтырған, 35 адам көз жұмған.

adimage