Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандар саны 255-ке өсті

Астана. 3 маусым. ҚазТАГ - Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандар саны 255-ке өсті, деп хабарлады ҚР-дағы COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
«Коронавирусты инфекцияны жұқтырудың 255 жаңа дерегі тіркелді (өсу қарқыны 1,9%). (…) Сонымен елімізде 11 796 жағдай расталып отыр», - делінген сәрсенбіде таратылған 2 маусымдағы Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы хабарда.
Шұғыл штаб ақпарынша, коронавирусты инфекцияны жұқтырудың жаңа 255 дерегі келесі өңірлерде тіркелген:
- Қызылорда облысында – 30 (7,2%),
- Батыс Қазақстан облысында – 40 (5,8%),
- Маңғыстау облысында – 17 (5,8%),
- Шығыс Қазақстан облысында – алты (4,2%),
- Ақтөбе облысында – 14 (4%),
- Солтүстік Қазақстан облысында – 2 (3,4%),
- Шымкентте – 21 (2,4%),
- Атырау облысында – 21 (1,9%),
- Алматыда – 39 (1,5%),
- Алматы облысында – 5 (1,3%),
- Жамбыл облысында – 5 (1,3%),
- Қостанай облысында – 2 (1,1%),
- Нұр-Сұлтанда – 2 (1%).

adimage