Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандар саны 284-ке өсті

Астана. 30 наурыз. ҚазТАГ - Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандар саны 284-ке өсті, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Ақтөбе облысында коронавирусты инфекцияны жұқтырудың тағы бір жағдайы расталды. Бүгінгі таңда елімізде коронавирусты жұқтырудың 284 жағдайы тіркеліп отыр», - делінген Қазақстандағы 30 наурыз сағат 00.20-дағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы хабарда.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны 500 мыңға жуық, қайтыс болғандар – 25 мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
Сондай-ақ, коронавирус Венгриядағы қазақстандықтан та табылды.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін Мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген. 28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда және Шымкентте карантин шаралары күшейтілді.
Бұған дейін Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 283 жағдайы тіркеліп, 18-і жазылып, бір адам көз жұмған еді.

adimage