Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандар саны бейсенбі күні 435-ке жетті

Астана. 3 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандар саны 435-ке жетті, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау министрлігі бейсенбі күні.
«Коронавирустық инфекцияны жұқтырудың тағы 12 жағдайы тіркелді. Солтүстік қазқастан облысында – үш, Нұр-Сұлтанда – алты, Атырау облысында – бір, Жамбыл облысында –бір, Шығыс Қазақстан облысында – бір жағдай. Бүгінгі таңда елімізде коронавирус инфекциясының 435 жағдайы расталып отыр: оның ішінде Нұр-Сұлтанда – 199, Алматыда – 91, Қарағанды облысында - 21, Атырау облысында - 19, Ақмола облысында - 19, Жамбыл облысында - 6, Шымкентте - 11, Шығыс Қазақстан облысында - 3, Алматы облысында - 9, Ақтөбе облысында - бес, Солтүстік Қазақстан облысында - 11, Павлодар облысында - бір, Маңғыстау облысында - бір, Қызылорда облысында - 26, Батыс Қазақстан облысында - екі, Түркістан облысында - 11», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны жүздеген мыңнан асса, қайтыс болғандар ондаған мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
Сондай-ақ, коронавирус Венгриядағы қазақстандықтан да табылды.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін Мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген. 28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда және Шымкентте карантин шаралары күшейтілді.
Бұған дейін Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 423 жағдайы тіркеліп, 27-сі жазылып, үш адам көз жұмды.

adimage