Қазақстанда КВИ мен COVID-19 белгісі бар пневмониядан бір тәулікте сегіз адам көз жұмды

Астана. 17 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстанда коронавирусты инфекцияны (КВИ+) мен COVID-19 белгісі бар пневмониядан (КВИ-) бір тәулікте сегіз адам көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
«13 наурыз 17 қыркүйек аралығында КВИ+: ауырғандар – 107 056 (өткен тәулікте 72), адам өлімі – 1685 (өткен тәулікте бес адам); 1 тамыз 17 қыркүйек КВИ-: ауырғандар – 30 337 (өткен тәулікте 263 адам), адам өлімі – 335 (өткен тәулікте үш адам)», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Қазіргі таңда, денсаулық сақтауминінің ақпарынша, COVID-19 дертінен 3916 адам ем алуды жалғастырып жатыр, олардың 35-і бала. Стационарларда 2202 науқас жатыр, амбулаторлық деңгейде – 1714.
«115 адамның жағдайы ауыр, 18 – нің жағдайы нашар, 18 – і ӨЖЖ аппаратына қосылған», - деді ведомстводан.
Қазақстанда КВИ-ден, ресми ақпар бойынша 101 455 адам жазылған.

adimage