Астана. 20 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстанда коронавирусты инфекция мен COVID-19 жұқтыру және одан қайтыс болу дерегі төмендеді, деп хабарлады денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
«Соңғы аптада алдыңғы аптаға қарағанда адам өлімі 22%-дан 8%-ға төмендеді», - деді Цой сейсенбідегі үкімет отырысында.
Сонымен қатар, оның айтуынша, COVID-19 жұқтыру қарқыны да төмендеген.
«Ағымдағы жылдың наурыз айының аяғынан бастап эпидемиологиялық жағдайдың нашарлағаны байқалды, ол кезде бір аптада науқас саны алдыңғы аптамен салыстырғанда 46%-ға өсті. Алайда ағымдағы аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда ауру жұқтыру көрсеткіші 46%-дан 6%-ға дейін төмендеген», - деді министр.
Қатысты сілтемелер
-
Ақтөбе облысында пойыз вагондары рельстен шығып кетті27 Наурыз 2024, 16:34
-
Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу жұмыстары аяқталды27 Наурыз 2024, 16:04
-
Ақтөбе әуежайы еріген су тасқынына байланысты жабылды27 Наурыз 2024, 14:51