Қазақстанда әлеуметтік-маңызды азық-түлік өнімдері 12% қымбаттады

Астана. 13 желтоқсан. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Қазақстанда әлеуметтік-маңызды азық-түлік өнімдері 12% қымбаттады, деп хабарлады ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов
«2018 жылдың 4 желтоқсанынан бастап ағымдағы жылдың 3 желтоқсаны аралығында әлеуметтік-маңызды азық-түлік өнімдері 12%-ға өсті. Азық-түлік өнімдері бағасының өсімі бес өңірде қатты байқалуда», - деді Дәленов жұмадағы баспасөз отырысында.
ҰЭМ ақпарынша, өсім Алматы (+15,2%), Атырау (+ 14,9%), Нұр-Сұлтан (+ 14,2%), Қарағанды (+ 13,7%), Қостанай (+ 13,6%) және Жезқазған (+ 13,4%) қалаларында байқалуда. Төрт өңірде инфляция мақсатты дәліздің жоғары шегінде тұр – бұл Атырау (6,1%), Маңғыстау (6%), Қарағанды (5,9%) облыстары мен Шымкент (5,9%).
«Өз кезегінде бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті бәсекелестікке қарсы келісілген амалдар дерегін анықтау шарасын жүргізуде. Азық-түлік өнімдері нарығына қатысушыларға Бәсекелестік туралы заңның бұзылу белгілерінің бары туралы хабарлама жолданды. Бүгінгі таңда 152 хабарлама орындалған. Бәсекелестікті қорғау саласында заңнаманың бұзылуын болдырмау мақсатында жыл басынан бері наық субъектілеріне қатысты сегіз тергеу тағайындалып, 34 ескерту берілді», - деді Дәленов.
ҰЭМ ақпарынша, ұлттық инфляция 5,4% құрады.

adimage