Қазақстанда әлеуметтік нан бағасы көтерілмейді – ауыл шаруашылықмині

Астана. 15 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанда әлеуметтік нан бағасы көтерілмейді, деп хабарлады ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Ресми статистикаға сәйкес, «әлеуметтік нан» деп аталатын бірінші сұрыптағы бидай ұнынан жасалған нанның республикалық орташа бағасы бір бөлке үшін 76,5 теңгені құрайды. Әлеуметтік нанның бағасы көтерілмейді», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Ведомствода нақтылағандай, биыл 15,1 млн гектар алқап орылып, бидай, арпа, жүгері, күріш және басқаларын қоса алғанда 19,1 млн тонна дәнді және бұршақ дақылдары бастырылды.
«Алдын ала болжамға сәйкес, өткен жылғы азық-түлік бидайының ауыспалы қалдығы ескеріле отырып, келесі егінге дейін үлестірілетін көлем 14,9 млн. тоннаны құрады. Оның шамамен 5,9 млн. тоннасы (тұқым, жемшөп, өнеркәсіптік өңдеу) ішкі тұтынуға пайдаланылады, экспорттық әлеуеті шамамен 6,0 - 7 млн. тоннаны құрайды. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің мәліметтері бойынша, 2019 жылғы 15 қыркүйектегі жағдай бойынша астық қабылдау кәсіпорындарында 5,1 тонна астық бар, соның ішінде «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ-ның 350 мың тонна астығы бар. Сондай-ақ, Азық-түлік корпорациясы 300-350 мың тоннаға дейін астық сатып алады. Өңірлердегі кәсіпорындардағы ұнның айлық қоры 178,0 мың тоннаны құрайды», - деді ауыл шаруашылық министрлігінен
Еске салсақ, 14 қазанда ауыл шаруашылық министрі Сапархан Омаров Қазақстанда нан бағасының көтерілуі мүмкін екендігін мәлімдеген еді. Бұл ретте оның айтуынша, «баға аздап қана көтеріледі», бір бөлке нанның бағасы Т80-85 аумағында болады.


adimage