Қазақстанда ұлттық халық санағы 2020 жылы екі кезеңде өтеді

Астана. 13 ақпан. ҚазТАГ – Махамбет Әбжан. Қазақстанда ұлттық халық санағы 2020 жылы екі кезеңде өтеді, деп хабарлады ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Халық санағы шартты екі кезеңнен тұрады. Дайындық кезеңі 1-30 маусым аралығында болады. Бұл кезеңде интервьюерлер үйлерді аралап, онда тұратын тұрғындардың нақты санын анықтайды. Осы кезеңде санақты аудандарға бөлуге дайындық жүргізіледі», - делінген бейсенбіде таратылған ҰЭМ баспасөз парақшасында.
Хабарда атап өтілгендей, ол санақты аудандарға бөлудеген өңірдегі әрбір елді мекеннің аумағын санақты өткізу үшін нұсқаушылық және есептік учаскелерге бөлу екенін айтты.
«Негізгі кезең 1-30 қазан аралығында болады. Қазан айының 1 мен 15 аралығында, яғни тікелей халық санағының алғашқы 15 күнінде интернет-сауалнама жүргізіледі. Интернет-сауалнамада респонденттер өзіне және отбасы мүшелеріне Интернет желісі арқылы sanaq.gov.kz арнайы сайтында санақ парақтарын өз бетінше толтырады. Сонымен бірге, сайтта респонденттерге арналған түсіндірмелер мен арнайы виртуалды көмекші де бар», - деп хабарлады ҰЭМ-нен.
Интернет-сауалнамамен қатар 1-30 қазан аралығында интервьюерлер жаппай сауалнама жүргізеді. Сауалнама жауаптары планшетке енгізіледі.
«Халыққа сауалнама жүргізу барысында респондентті сәйкестендіру үшін сұралатын адамның ЖСН-і пайдаланылады. Сауалнама аяқталғанда халық санағынан өткені туралы анықтама беріледі», - деді ұлттық экономика министрлігінен.

adimage