Қазақстанда мүлікті жария етуге Т49,3 млрд. сомаға 6 мыңнан астам өтініш түсті

Астана. 28 қазан. ҚазТАГ - Қазақстанда 27 қазандағы жағдай бойынша мүлікті жария етуге Т49,3 млрд. сомаға 6  мыңнан астам өтініш түсті, деп хабарлады ҚР қаржы министрлігінің (ҚМ) баспасөз қызметінен.

«27.10.2014 жылғы жағдай бойынша мүлікті жария ету жөнінде. ҚР аумағындағы мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 49,3 млрд. теңгені құрайтын мүлікті жария етуге 6 014 өтініш түсті», - делінген сейсенбіде таратылған ҚМ хабарында.

Оның ішінде 35,1 млрд теңге сомасында 4 734 тұрғын үй нысаны жария етуге мәлімделді. 13,6 млрд теңгеге 3 017 тұрғын үй емес нысан жария етілсе, соның ішінде 6,5 млрд теңгеге 502 коммерциялық нысан , 0,7 млрд теңге сомасында заңды тұлғаларға қатысу үлестерін жария етуге 13 өтініш түсті

«Қазіргі таңда 5,6  млрд теңгеге 949 нысан жария етілген.  27.10.2014 жылғы жағдай бойынша салық органдарына ҚР шегінен тыс жердегі мүлікті жария етуге өтініштер түспеген», - деп хабарлады қаржы министрлігінен.

Мүлікті жария етуге түскен өтініштер саны бойынша Алматы облысы мен Алматы алда келеді (сәйкесінше 1727 және 1420). Азаматтардың белсенділігі бойынша үшінші орында Ақтөбе облысы (632 өтініш). Азаматтардың белсенділігі бойынша соңғы орында, бұрынғысынша, Маңғыстау облысы тұр - акция басталғаннан бері жария етуге небары 41 өтініш түсті.  

ҚР Ұлттық банкінің 2014 жылдың 27 қазанындағы есебінің деректері бойынша екінші деңгейдегі банктерде жалпы сомасы Т1, 714 млрд. ақшаны жария етуге 14 жинақтау шоты ашылды, олардың ішінде жинақтау шотынан Т334,6 млн.теңге алынды, ақшаны жария еткені үшін бюджетке Т37,2 млн. алым төленді. ҚР экономикасына Т1 млн инвестицияланды.

adimage