Қазақстанда МӘМС үшін жұмыс берушілер мен ЖК түскен аударымдар мен жарналар сомасы Т196 млн жетті

Астана. 5 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) үшін жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлерден (ЖК ) түскен аударымдар мен жарналар сомасы Т196 млн жетті, деп хабарлады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» (ӘМСҚ) ҰАҚ баспасөз қызметінен.
«Биылғы шілде айында Медициналық сақтандыру қорына 9,5 млрд теңгеден астам жарна түсті. Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2019 жылдың 31 шілде аралығында жинақталған жарнаның жалпы сомасы 195,7 млрд теңгені құрады», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Оның 186,9 млрд теңгесі (шамамен 95,5%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,8 млрд теңге (4,5% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.
«Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр. Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген», - деді ӘМСҚ.

adimage