Қазақстанда мұнай өндірісі қаңтар-маусымда 1,8%-ға өсті

Астана. 15 шілде. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Қазақстанда мұнай өндірісі қаңтар-маусымда 1,8%-ға өсті, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінен.
«Қазақстандағы мұнай өндірісі 2020 жылдың қаңтар-маусымында 38 млн тоннаны құрап, 2019 жылғы қаңтар-маусымдағы көрсеткіштен 1,8% жоғары болды», - делінген комитеттің ай сайынғы есебінде.
Статақпарға сәйкес, қаңтар-маусымда 6,5 млн тонна газ конденсаты (+3,5%), 29 млрд текшеметр табиғи газ (+3,6%), 54,7 млн тонна көмір (+1,9%) өндірілген.

adimage