Қазақстанда мал ұрыларын тікұшақпен іздестіреді

Күні: 14:33, 20-10-2014.

Астана. 20 қазан. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. Қазақстанда ұрланған малды іздестіруге тікұшақтар жұмылдыратын болды, деп мәлім етті ҚР ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов.

«Қазір біз барлық авиакомпаниялармен келісімге отырып жатырмыз және олардың тікұшақтарын мал іздеуге пайдаланбақшымыз. Қылмыстық полиция комитетінің құрамында арнайы топ құрдық, олар тек мал ұрлығымен айналысатын болады. Ондай топтар барлық облыстарда құрылған», - деді Қ. Қасымов дүйсенбі күні парламент мәжілісіндегі үкімет сағатында.

Оның айтуынша, мал табудағы қиындық, малын жоғалтқан халық оның жоғалғандығы туралы шағымды бір-бір жарым айдан соң беретіндігінде.

«Малдар көбіне жайылымда жүреді де олардың жоғалғанын мал иелері де кеш біліп, ол туралы шағымды да тым кеш түсіреді. Әрине, біз іздейміз, және жоғалған малды тауып алып, иелеріне қайтарудың пайызы үлкен», - деді министр.


Жаңалықтармен бөлісу: