Қазақстанда мамыр мерекелері қарсаңындағы ауа райы болжамы

Күні: 16:51, 29-04-2019.

Астана. 29 мамыр. ҚазТАГ – Синоптиктер Қазақстанда мамыр мерекелері қарсаңындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«30 сәуірде, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, жауын-шашын, солтүстік аймақтарда арты қарға ұласатын жаңбыр және бұршақ жауады, екпінді жел соғады, қысқа мерзімге жылығанымен күн қайта суытады», - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК гидрометорталығының директоры Марина Шмидт дүйсенбіде.
Сейсенбі күні батыста түнде -2+5°С, күндіз +7+15°С; солтүстік-батыс жартысында түнде -5,+5°С, күндіз +15+20°С-тан +2+10°С дейін төмендейді; қалған аймақтарда найзағай жарқылдап жаңбыр жауады, бірақ жылы ауа райы +15+25°С сақталады.
«Батыс өңірлерде 1 мамыр мерекесінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, күндіз ауа температурасы +10+20°С дейін жылиды. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінің тұрғындары үшін ауа райы қолайсыз болады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) сақталады. Еліміздің шығысында екпінді жел соғып, нөсер жауады, түнде және таңертең көктайғақ пен тұман күтіледі. Түнде ауа температурасы -2-7°С, күндіз +3+11°С болады», - деді синопткитер.
Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, кей жерлерде күн күркіреп, бұршақ жауып, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +2+10°С шамасында, жер бетінде 3 градусқа дейін үсік болады, күндіз +12+20°С.
«2 мамырдан бастап еліміздің батыс жартысында жауын-шашынсыз ауа райы, шығыс жартысында әлі де кей жерлерде жауын-шашын, оңтүстікте найзағай және екпінді желмен жаңбыр сақталады. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде ауа температурасы күндіз +15+25°С, солтүстігінде, орталығы мен шығысында +5+15°С болады», - деді Шмидт.


Жаңалықтармен бөлісу: