Алматы. 5 маусым. ҚазТАГ – 2019 жылғы мамырда ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 28 324 теңгені құрады, деп хабарлады ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің баспасөз қызметінен.
«Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2019 жылғы мамырда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 7,1%-ға жоғарылады. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі – 20,2%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 15,5%, жемістер мен көкөністерді – 9,5%, нан және жарма өнімдерін – 7,6%, қант, шай және дәмдеуіштерді 2,2%-ды құрады», - делінген ҰЭМ хабарында.
Қазақстанда мамырда ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы Т28 324 құрады
