Астана. 29 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстанда мамырдағы мерекелерге байланысты қосымша пойыздар шығарылады, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен.
Мамыр айындағы мерекелер («Қазақстан халқы бірлігі күні", "Отан қорғаушылар күні" және "Жеңіс күні") қарсаңында «Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша пойыздар шығарады», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Қосымша пойыздар келесі бағыттар бойынша шығарылады: №205/206 «Алматы-2-Түркістан» бағыты бойынша «Алматы-2-ден 2 және 9 мамыр күндері, ал Түркістаннан сәйкесінше 3 және 10 мамыр күндері жолға аттанады. №207/208 «Ақтөбе-Бейнеу» бағыты бойынша Ақтөбеден 30 сәуір, 2, 4, 7 және 9 мамыр күндері, ал Бейнеуден сәйкесінше 1, 3, 5, 8 және 10 мамыр күндері жолға шығады», делінген хабарламада. Сондай-ақ, қаламаңы тасымалы бойынша бір бағыттағы №7510 «Нұр-Сұлтан-1-Павлодар» пойызы «Нұр-Сұлтан-1» ден 8 мамыр күні жөнелтіледі.
«Алдағы мамыр мерекелеріндегі сұранысты ескере отырып жолаушы көп жүретін бірқатар бағыттарға қосымша вагондар тіркеледі», - деді баспасөз қызметінен.
Қазақстанда мамырдағы мерекелерге байланысты қосымша пойыздар шығарылады
