Қазақстанда медицина ұйымдары жыл басынан бері ӘМСҚ-нан 662 млрд теңге алды

Астана. 13 желтоқсан. ҚазТАГ – Медицина ұйымдары жыл басынан бері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-нан 662 млрд теңге алды, деп хабарлады қордың баспасөз қызметінен.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ 2018 жыл басынан бері халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 662,4 млрд теңге төледі», - деді қор басқармасы төрағасының МА Ботагөз Жақселекова.
Қор хабарында нақтыланғандай, МСҚ ТМККК және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттерінің қаржылық операторы болып табылады. Қор жыл басында емдеу мекемелерімен ТМККК пакеті шеңберінде халыққа тегін көмек көрсету жөнінде келісімшарттар бекіткен болатын. Бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасы 802,4 млрд теңге.
«Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті», - деп атап өтті Б. Жақселекова.
Бүгінгі таңда Қор мемлекеттік тапсырыс бойынша қызмет көрсетуге ниет білдірген 1375 медицина ұйымымен келісімшарт бекіткен.
«Биыл жеке клиникалар саны 2017 жылмен салыстырғанда 171-ге көбейген. Ал, олармен бекітілген келісімшарт сомасы 2 есе артып, 128,1 млрд теңгені құрады», - деді қордан.

adimage