Қазақстанда медициналық қызметтерді ұсынушылар қатары 20%-ға артты

Астана. 5 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанда соңғы жылдары медициналық қызметтерді ұсынушылар қатары шамамен 20%-ға артты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау минитсрлігі.

«ТМККК мен МӘМС-те ауыл тұрғындарын қоса алғанда, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсетуге көзделген жалпы бюджет 2019 жылдан бастап 1,6 еседен астам өсті: 361,7 млрд.теңгеден 589 млрд. теңгеге дейін артты. Бұдан бөлек, 2019 жылдан бастап республика бойынша стационарлық және стационарды алмастыратын көмек қызметтерін ұсынатын медициналық мекемелер саны 17,6%-ға өсті. Жыл басынан бері медициналық қызмет көрсетушілер қызмет көлемін орындаудың жоғары қарқынына төтеп беріп келеді. 2022 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсететін медициналық ұйымдар ТМККК шеңберінде жылдық жоспарды тиісінше 62,3% - ға және 61,9%-ға, МӘМС шеңберінде 64,9%-ға және 61,3%-ға орындады», - делінген хабарлада.

МӘМС пакетінде қаржыландыруға келетін болсақ, 1,9 есе: 227,9 млрд.теңгеден 431,3 млрд. теңгеге дейін өсім болды.

Мәліметтерге сәйкес, ТМККК және МӘМС шеңберінде халықтың медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында басым тәртіппен ТМККК жылдық бюджеттерді 6%-ға және МӘМС-те 9%-ға стационарлық және ТМККК-де 2% - ға және МӘМС-те 3,5%-ға ұлғайта отырып, стационарды алмастыратын көмекке қосымша қаражат көзделген.

adimage