Қазақстанда мембағдарлама аясында шағын несие бойынша қаржы көлемін азайту ұсынылды

Астана. 20 сәуір. ҚазТАГ – Нұргүл Жігер. Қазақстанда бизнесті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында өзін өзі қамтығандарды тарту үшін шағын несие сомасын азайту ұсынылды, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Шыңғыс Ахметов.
«Бизнесті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында өзін өзі қамтығандар мен жұмыссыздарды тарту, бизнесті жүргізу негіздерін оқып үйренгендерге бірінші кезекте ақша беру үшін шағын несие сомасын азайту ұсынылды», - деді Ш.Ахметов ҚР Үкіметіндегі баспасөз конференциясында.
«Біз бағдарламаға бірқатар (Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы – ҚазТАГ) өзгерістер дайындап қойдық. Негізгі түзетулер жұмыссыздар мен өзін өзі қамтығандар үшін аса кіштентай жобаларға қаржы бөлуге байланысты. Осы жылдан бастап жаңа түзетулері бар бағдарламаға үш жылға дейін жұмыс істеп келе жатқан бизнесмендер қатыса алады. Яғни үш жылдан кейін ЖК ретінде олар бұл бағдарламаға қатыса алмайды», - деп толқытырды ол.
Оның айтуынша, министрлікте кәсібін жаңадан бастағандар үшін білім беру бағдарламасына үлкен басымдылық берілді.
«Біз көбіне шағым аламыз, және де бизнесті жүргізу негіздерін білмеу жағымсыз салдарға алып келеді. Сондықтанда, зайым алушы субъектінің бизнесті жүргізу бойынша базалық білі болғаны маңызды. Осы жылы бірінші кезекте оқу курсынан өткен азаматтардың өтініші қаралатын болады», - деп толықтырды ол.
ҚР ҰЭМ кәсіпкерлікті дамыту департаментінің мәліметі бойынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша шағын несиелеудің «орташа чегі» 10,5 млн теңгені, заемның орташа мерзімі - 51 айды құрады. Шағын несие алуға көбіне сауда, көлік, тұрғын үй қызметі мен тамақтану, қайта өңдеу өндірісі салалырында өзін өзі қамтығандар мен жұмыссыздар ниет білдірді.

adimage