Астана. 15 шілде. ҚазТАГ –Қазақстанда мемлекеттік аппараттың қосымша қызметтерін оңтайландыру күтілуде, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметінен.
«Ықшам мемлекеттік аппарат құру үшін ведомстволық бағынышты ұйымдарды және оларға бөлінетін бюджет қаражатын оңтайландыру бойынша жұмыстар жалғасады. Қосалқы қызметтерді орталықтандыру бойынша шаралар қабылданады (ғимараттарды күту, бухгалтерлік есеп, мемлекеттік сатып алуларды өткізу)», - деді дүйсенбі күні премьер-министр Асқар Мамин президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Министрлер кабинеті басшысының айтуынша, биыл жыл соңына дейін электронды форматта ұсынылатын мемлекеттік қызметтер үлесі 80%-ға, келесі жылдың соңына дейін 90%-ға дейін жеткізіледі.
«Мемлекет қаржысының тиімділігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Мемлекеттік бағдарламалардың нысаналы көрсеткіштері мен мемлекеттік органдардың стратегиялары олардың нақты қаржылық қамтамасыз етілуін ескерумен түзетіледі. Келесі жылдан бастап жергілікті бюджеттердің кіріс базасына шағын және орта бизнестен түсетін корпоративті табыс салығы беріледі. Сондықтан, инвестицияларды белсенді тартып, кәсіпкерлікті дамытып отырған өңірлердің жергілікті бюджетіне қосымша салық түседі», - деді Мамин.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34