Қазақстанда мемсатып алудың 70%-дайы бір көзден тәсілімен жүзеге асырылады – монополияға қарсы қызмет

Астана. 7 қазан. ҚазТАГ – Махамбет Абжан. Қазақстанда мемлекеттік сатып алудың 70%-дайы бір көзден тәсілімен жүзеге асырылады, деп хабарлады ұлттық экономика министрлігінің бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Әлжан.
«Бір көзден сатып алу үлесінің көптігі мемлекеттік органдармен және квазимемлекеттік субъектілермен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу саласының басты проблемасының бірі болып отыр. (...) Соңғы бес жылда – 2014-2018 жылдары – мемлекеттік сатып алу көлемі 56% өсті, яғни Т1,43 трлн-нан Т2,23 трлн. дейін. Бұл ретте, бір көзден сатып алу жалпы көлемде 70%-дан төмен түсетін емес», - деп атап өтті Әлжан негізгі тауарлы нарықтағы бәсекелестік жағдайына талдау жасау бойынша жұмыс тобының отырысында.  
Ол 2018 жылды мысалға келтірді, ол кезде бір көзден сатып алу үлесі 77% болған, оның ішінде 48%-ы тікелей шарт жасау арқылы, ал 29% -ы жүзеге аспаған сатып алулар бойынша.

adimage