Қазақстанда мереке күндері күн салқындап, кейін қайта жылынады деп күтілуде

Астана. 13 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстанда мереке күндері күн салқындап, кейін қайта жылынады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Республикамыздың солтүстік облыстарында қардың жаууы мен температураның төмендеуіне ықпал еткен арктикалық суық фронт оңтүстік, орталық және шығыс өңірлер арқылы Алтайға жылжиды. Кейін антициклонға байланысты Қазақстанның қалған аймақтарында да температура төмендейді. Бірақ, ол ұзаққа созылмайды», - делінген 14-17 желтоқсанға арналған ауа райы болжамында.
16 желтоқсанда Ресейдің Еуропалық бөлігінен республиканың батыс облыстарына кезекті атмосфералық фронттар жылжып, жауын-шашын түседі және ауа температурасы жоғарылайды
«Республиканың көптеген өңіріндегі тұман мен көктайғақ 14-17 желтоқсан аралығында да болжанады», - деді синоптиктер.

adimage