Қазақстанда мерекелік күндер тізіміне архивші күні енгізілмек

Астана. 21 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанда мерекелік күндер тізіміне архивші күні енгізілмек, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына (Қазақстан Республикасы ҮПАЖ, 2017 ж., № 53, 343 б.) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі: мынадай мазмұндағы 46-1 толықтырылсын: «46-1. Архивші күні – 22 желтоқсан», - делінген үкімет қаулысының жобасында.
«Архив-2025» жобасын іске асыру жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары негіз ретінде көрсетілген.

adimage