Қазақстанда міндетті теле- және радиоарналар тізімін қайта қарамақ

Астана. 10 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстанда міндетті теле- және радиоарналар тізімін қайта қарамақ, делінген ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бұйрық жобасында.
«Ұсынылып отырған міндетті теле- және радиоарналар тізімі бекітілсін», - делінген сейсенбіде ұсынылған құжатта.
Сондай-ақ, жобада қолданыстағы міндетті теле-және радиоарналар тізімін бекіткен бұйрықтың күші жойылуы мүмкін екендігі айтылған.
Жаңа тізімге сәйкес, Қазақстанда міндетті теле- және радиоарналар тзіміне мыналар кірген: Qazaqstan, «Хабар», «Хабар 24», Balapan, «Ел арна», Qazsport, Kazakh TV, TamashaTV, «Астана», «Евразия бірінші арнасы», «Жетінші арна», «КТК», «31 арна», «Тәуелсіз телевизияық арна» и «СТВ».
«Міндеттілер» тізімінде «жаңалары» - Kazakh TV мен TamashaTV арналары. Сонымен қатар, ұсынылған тізім жобасында қазір міндетті болып табылатын «МИР» мен «Алматы» арналары жоқ.
Бұйрық жобасы 23 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.

adimage