Қазақстанда министрліктердің жартысының басшысы ауысуы мүмкін

Күні: 15:29, 25-02-2019.

Астана. 25 ақпан. ҚазТАГ - Қазақстанда министрліктердің жартысының басшысы ауысуы мүмкін, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Ешқандай болжам жасағым келмейді, тек жаңа мұны барлығы естіді – 18 министрлік басшысының жартысы ауысуы мүмкін», - деді дүйсенбі күні парламент кулуарында журналистерге ҚР парламенті мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы Бейбіт Мамраев.
Бұған дейін хабарлағандай, парламент мәжілісінің депутаттары үкіметтің жаңа басшысының лауазымына А.Маминнің кандидатурасын мақұлдаған болатын.
Бұған дейін хабарланғандай, Н.Назарбаев мәжілістің алқа отырысына қатысып жатыр.
Еске салсақ, 21 ақпанда Н. Назарбаев министрлер кабинетін отставкаға жіберетінін мәлімдеді.
«Жүйелі жұмыс жүргізілмеді. Тұрғындардың нақты табысы өспеді. Отбасылардың бюджетінде азық-түлікке деген шығын көлемі арта түсті. Атқарушы органдардың салғырттығынан әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тұрғындардың бір бөлігі атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылмаған. Оның үстіне Үкімет мүшелері, министрлер, әкімдер халықпен жұмыс істей алмады, сондай-ақ жұртшылықтың проблемаларына құлақ асып, атқарылып жатқан істер мен саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шамасы келмеді», - деп түсіндірді министрлер кабинетін отставкаға жіберу туралы шешімін Н.Назарбаев.
Премьер-министрдің м.у.а. болып Асқар Мамин тағайындалды.
Бұған дейін ҚазТАГ ХАА президент Н.Назарбаев үкіметті отставкаға жіберу туралы шешімін қоғамдағы әлеуметтік шиеленіс негізінде қабылдағанын атап өткен болатын.


Жаңалықтармен бөлісу: